$ 494.87  520.65  4.91

Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Президентің Баспасөз қызметі.

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Сапар туралы ақпараттарды толығырақ Ақорданың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда жариялап отырамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары