$ 494.87  520.65  4.91

«Ана баласын әскерге командирлердің құмарын қандырсын деп жібермейді» - Айгүл Орынбек

Адам құқығы қорғалатын елде сарбаздар аналарына табытпен қайтпау керек!

Ана баласын командирлердің құмарын қандыру үшін емес , Отанды қорғау үшін әскерге жібереді!

“Қызым боласың,к@ттеріңді айырам т.б” ауыр сөздер бұл психологиялық қысым болып табылады!

Яғни қызмет бабын асыра сілтеп пайдаланып, өз қол астындағыларға моралді түрде қысым жасаудың өзі қылмыс!

Адам құқығы қорғалатын елде, сарбаздар аналарына табытпен қайтпау керек!
Бейбіт заманда аналар табыт құшақтап, әділдік іздеп жүрген болса, яғни бұл салаға үлкен реформа керек деген сөз!

Әскердегі былықтарды көтерген қоғам белсенділерін қудалағанша, сарбаздар неге табытпен қайтып жатыр деп дабыл қағу керек!

Бұл салада халықтың тілін білмейтін министр отырғанда, аналардың табыт құшақтап жылағаны, жылаған!

“Ұнамаса көшіп кет!” деп жүрген министр әскери салаға реформа жасай алады деп ойламаймын!

Белгілі заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан     

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары