Саясат 12.05.2022 сағат 15:20

Неміс радиосы Димаш Құдайбергенге бағдарлама арнады

Трансляция «Dimash & Igor Special» деп аталды.
Неміс радиосы Димаш Құдайбергенге бағдарлама арнады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2022 жылдың 8 мамырында Димаштың әндері алғаш рет неміс Moviedance радиосында шырқалды. Радио жүргізушісі қазақстандық орындаушының шығармашылығымен танысып, оған бағдарлама арнауды жөн көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Неміс радиосының жүргізушісі Флориан Гроголл – өзінің Moviedance радиостанциясын екі жылдай басқарып келе жатқан кәсіби диджей. Бастапқыда оның радиосында әйгілі фильмдердің саундтректері мен би музыкасы ойнады. Дегенмен тыңдарманнан жақсы нәтиже алған Флориан радиобағдарламасын арнайы тақырыптағы сағаттармен әртараптандырды. Сондай бағдарламаның бірін ол Димаштың және оның туған елі – Қазақстанның музыкасына арнады.

Тағы оқыңыз: «Құшақтап тұрсың»: Димаш Құдайберген белгісіз арумен көзге түсті

Флориан Гроголл Dimashnews.com сайтына қазақстандық әншінің туындысын алғаш рет досы ұсынғанын, соның арқасында Димаштың өнерімен танысқанын айтты.

Славянский базарда Димаштың S.O.S әнімен өнер көрсеткенін көріп, оның жанды дауыста ән айтып жатқанына алғашында сене алмадым. Сол күні мен бұл қойылымды 4 рет көрдім. Содан кейін әртістің әр бейнебаянын тамашалай бастадым. Тіпті кей әндерді тыңдап, көзіме жас алдым, – деді радиожүргізуші.

Флориан Facebook желісіндегі артистің неміс фан-клубын көргенде оған Димаштың әндерін радиодан беру идеясы келеді.

Димаштың жанкүйерлері соншалықты көп екенін білгенде мен оны неге радиостанцияларымыздан естімегенімізге таңғалдым. Бір кезде өзімнің жеке командам және радиостанциям бар екенін түсіндім, - дейді Флориан Гроголл.

Осылайша Dimash Fanclub Deutschland-пен бірлесіп сауалнама жүргізген Флориан қазақстандық өнерпазға арналған алғашқы бағдарламасына бірнеше ән таңдады.

Трансляция «Dimash & Igor Special» деп аталды. Оған Димаштың Игорь Крутоймен бірлесіп жазған әндері, сонымен бірге қазақ тіліндегі «Самалтау», «Дайдидау», «Ұмытылмас күн» және «Махаббат бер маған» атты бірнеше әні кірді.

Айта кетейік, 16 мамырда Флорианның тағы бір «2Decks Radio» радиосы қазақстандық өнерпазға арналған «The Best of Dimash» деп аталатын кезекті бағдарламасын өткізбек.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар