Үндістанның Уттаракханд штатында тұратын егде жастағы ерлі-зайыптылар ұлы мен оның әйелін моральдық зақым келтіргені үшін сотқа берді. Олар ұлдарына ұшқыштың оқу ақысын төлеп берген, әйел тауып, үйлену тойын ұйымдастырып берген, алайда ол өзіне жүктелген негізгі міндетті, яғни немере сыйлай алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.
Сотқа арызды Харидвар қаласында 61 жастағы Санджив Прасад пен оның 57 жастағы әйелі Адана берді.
Баласы жоқ Шри Сагардың ата-анасы талап ететін шығындардың қатарында 2006 жылы АҚШ-та азаматтық әуе компаниясының ұшқышы болу үшін оқу бар, оның құны 65 000 долларды құрайды. Сондай-ақ тойға сыйға тартылған қымбат көлік пен 80 мың доллар тұратын бал айын ата-анасы төлегенін айтып отыр.
Шри Сагар жұмысынан айырылғанда отбасы оны екі жылдан астам қаржылай қолдауға мәжбүр болды, дейді әкесі.
"Көп ұзамай ол жеке әуе компаниясына ұшқыш ретінде жұмысқа орналасты, біз оны үйлендіреміз деп шештік, өйткені менің әйелім 57 жаста, денсаулығында ақау бар. 2016 жылы біз оны үйлендік, ол бізге немере сыйлайды деген үмітпен. Зейнеткерлікке шыққанда немеремен айналысқымыз келді. Бірақ алты жылға жуық уақыт өтті, ал немере жоқ. Біз ауыр моральдық азапты бастан кешіріп жатырмыз ", – деді әкесі Times of India басылымына берген сұхбатында.
Зейнеткерлікке шыққанға дейін Сагардың әкесі Bharat Heavy Electricals Limited мемлекеттік инженерлік-өндірістік холдингінде жоғары лауазымды қызмет атқарды.
Прасадтың айтуынша, оның ұлы мен әйелі тіпті әртүрлі қалаларда тұрады. Ол да ұлының әйелінің қылықтарына көңілі толмайды.
"Келінімізге өз қызымыздай қарадық, бірақ ол бізге сирек келеді, жағдайды ушықтырады, тіпті жұмысына байланысты балаға қарай алмайтын болса, бізге берсін деп айттық. Бізде ақша қалмады десе де болады, бәрін баламызға жұмсадық", – дейді бұрынғы мемлекеттік менеджер.
Ерлі-зайыптылардың баспасөз хатшысы Арвинд Сриваставаның айтуынша, олардың талаптарында негіз бар.
"Әр ата-ана ата және әже болуды армандайды", – деді ол үнділік The National газетіне берген сұхбатында.
Іс бойынша алғашқы сот отырысы 17 мамырға белгіленген.