$ 444.22  476.38  4.82

Екібастұзда аулада аңшы мылтығымен жүрген адам тұрғындарды шошытты

Кадрларда тұрғындар қорқып кіреберіске жүгіргені, артынан шолақ мылтық ұстаған ер адам келе жатқаны көрсетілген.

Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде шолақ мылтықпен аулада жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Оны полиция қамауға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шолақ мылтықпен серуендеп жүрген ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрларда тұрғындар қорқып кіреберіске жүгіргені, артынан шолақ мылтық ұстаған ер адам келе жатқаны көрсетілген. Тағы бір видеода белгісіз біреу жерден жатқан оқты алып, қаруды оқтап, кейін баспалдақпен көтеріліп, сыртқы есікті екі рет теуіп, үйге кіргенін көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары