Ресейлік журналист Тигран Кеосаян Қазақстанға жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол бұл туралы өзінің ютуб арнасына кезекті бейнематериалын шығарып, Қазақстанға мәлімдеме жасады.
Айтуынша, алғашқы видеосы көп қаралым жинап, көптің наразылығын тудырғаннан кейін 2 аптада Қазақстан туралы бірнеше мәлімет жинаған. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезіндегі Қазақстан мен өзге елдер арасындағы келісімі Украинаның өткен әрекетіне ұқсас екен.
“Көптілді ел үшін қауіпті. Қазір Украинада не болып жатқанын көрудеміз. Және Қазақстанды да айтуымызға болады… Назарбаев Қазақстанға американдықтардың биолабаратория салуына рұқсат берді. Украина да бұрын солай істеген. Естеріңізде ме? Нәтижесі не болды?” ,- деді Кесоян бинематериалда.
Сондай-ақ, ол КСРО тарағаннан кейін, тәуелсіздік алған 15 ел туралы айта келе, “тәуелсізбін” деген Иран, Ирак, Югославия, Ауғанстан елдерінің қазіргі күйіне тоқталды.
“Мен қорқытпаймын, ескертемін! Бұл неге апарады? Қазіргі Украинаның қандай күйге түскенін еске алыңыздар! Кітаптар, орыс тіліне тыйым салу, ортақ мерекелерді алып тастау, көше аттарын өзгерткеннен не шықты? “, -деді ол.