Осыдан бірер уақыт бұрын мемлекеттік арналардың бірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы «Преодоление» деректі фильмінің бірінші бөлімі жарық көргені белгілі. Аталған фильмде Мемлекет басшысы туралы танымал саясаткерлер мен шетелдік сарапшылар толымды-ой пікірлер айтады. Skifnews.kz ақпарат порталы Президент Тоқаев туралы шетелдік беделді сарапшылар мен саясаткерлердің берген бағаларын жинақтап көрген еді.
ММХҚИ (Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты) ректоры Анатолий Торкунов Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік жылдары туралы айта отырып, институтта оқыған 5 жыл ішінде Қазақстан Президентіне ең жақсы деген пікірлер айтылғанын және керемет мінездеме берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, студент жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алдымен бірден Елшілікке, содан кейін шетелге беделді жұмысқа ұсынылған.
«Біз, ММХҚИ-лықтар, әдетте, бір-біріміздің мансаптық өсу, даму жолдарымызды және адами өлшемдерімізді бақылап отырамыз. Сондықтан мен өзімнің бұрыннан келе жатқан досым әрі серігім, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мансабының қалай өрбігенін өзімше тамаша елестететінмін. Қасым-Жомарт өте жақсы оқыды, барлық аттестацияларда оның өте қабілетті адам екені, қытай тілін өте жақсы оқығаны көрініп тұратын. Оның Қытайдағы біздің елшілікте, сол кездегі Кеңес елшілігінде тәжірибеден өтуге, содан кейін Сингапурға жұмыс істеуге ұсынылуы кездейсоқ емес еді. Жалпы, бұл конкурстық негізде болды. Бұл оқытушылар үшін де, университет әкімшілігі үшін де өте жоғары баға болған еді. Адам дереу шетелге жұмысқа ұсынылды, онда, әрине, тілді жақсы меңгерген мамандар қажет болары белгілі. Ол жақта тіл деңгейі Қытай мен Сингапурдағыдай еді. Бұл Тоқаевқа берілген өте жоғары сипаттама десе де болады», — деді ММХҚИ ректоры.
Анатолий Торкунов ол үшін ММХҚИ түлектерінің жетістігі, әсіресе Қазақстан Президентінің қол жеткізген табыстары үлкен бедел әкелгенін атап өтті.
«Біздің барлық альбомдарымыздан, қойын дәптерімізден міндетті түрде Тоқаевтың суретін, ол туралы жазылған жылы сөздерді көресіз. Бұл ешқандай да жағымпаздық емес. Бұл – шын жүректен шыққан шынайы сөзім. Мен Женевада кездесіп қалдым. Онда да Женевада жұмыс істейтін және тұратын ММХҚИ түлектерінің қауымдастығы құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестік. Ол жоғары дәрежелі халықаралық шенеунік ретінде мінсіз көрініп, жұмыс істеді. Мен оның дипломаттық қасиеттерін ерекше атап өттім, өйткені ұлттық елшілікте жұмыс істеу немесе өзінің ұлттық ведомствосын басқару оңай емес. Ал ондаған елдің өкілдерімен, мүлдем танымайтын басқа адамдармен жұмыс істеу, тіптен бөлек нәрсе», – деді ол.
Белгілі ресейлік дипломат, БҰҰ Бас Хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе Қ.Тоқаевтың кеңестік СІМ-дегі жұмыс істеген жылдары және оның қытай тілін жетік білуі туралы естеліктерімен бөлісті.
"Бұл кісі менің орныма БҰҰ бас хатшысының орынбасары болған еді. Білімі терең, өте сауатты жан. Біздің елшілікте – Кеңес Одағының Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. Ағылшын тілін де, қытай тілін де жетік меңгерген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Елшілікте қытай тілін ең жақсы білетін адам сол еді.
Ол біздің Қытайдағы елшілігімізде өте қиын жағдайларда жұмыс істеді. Сол кездегі Қытайдағы біздің Елші Олег Александрович Ториновский (БҰҰ-ның Тұрақты өкілі болған) Қытайдағы елші бола тұра, ол қытайлармен сөйлесуге барғанда және қытай тілін білмеген кезде, өзімен бірге әдетте бір ғана Тоқаевты алып кеткен. Қасым-Жомарт қытай тілін өзгелерден жақсы білгендіктен шығар. Сондықтан елшіліктің көптеген қызметкері ренжитін. Бұл туралы Олег Александрович Ториновский: «Мен Тоқаевты алғанды жөн көрдім», - деді. Біріншіден, әрине, қытай тілін жақсы білу және проблемаларды білу жағынан бәрінен жоғары тұрды. Аударып жатқан нәрсенің тақырыбы мен мәселелерін білмейінше жақсы аудармашы бола алмайсың. Мен мұны талай рет бастан өткердім», - дейді Сергей Орджоникидзе.
Оның айтуынша, Тоқаев – жақсы дипломат қана емес жоғары деңгейдегі мемлекет қайраткері. "Ол бұл лауазымды кездейсоқ иеленіп отырған жоқ, ол шынымен өте мықты мемлекет қайраткері. Сондықтан ол президент болса, Қазақстанның бағы жанды деген сөз", - деген еді Орджоникидзе.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Қазақстан Президентінің дипломатиялық және саяси қасиеттері, оның жұмысқа қабілеттілігі мен парасаттылығы туралы айтып жүреді.
«Ең алдымен, өз міндетіне, халқына, Отанына деген жоғары адалдығын ерекше атап өткім келеді. Бұл мақтау сөздер емес. Бұл – біздің көріп отырғанымыз. Қасым-Жомарт Кемелұлын білетіндердің бәрі оның осы ерекше қасиеттерін атап өтеді. Екіншісі – жоғары эрудиция. Шет тілдерін жетік меңгерген, халықаралық мәселелер, ең бастысы, өз елі туралы жақсы біледі», - деді ол.
Сонымен қатар, Сергей Лавров Қасым-Жомарт Тоқаевтың әзілді де жақсы меңгергенін атап өтті.
«Адамдар әзіл-қалжыңға жақын болса, олар бір-бірін бұрыннан танып, кездескенде бір-бірін атымен атайды. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы қасиетін өте жоғары бағалаймын. Ол достарымен кездескенде де өзімен-өзі қалады. Әрине, бұл ресми функцияларды орындауға қатысты емес, мұнда өте айқын шекара бар. Бірақ әзілдеуге, жақсы әзілдер айтып күлуге болады, бұл қасиетті бізден ешкім алып кетпейді», - деді ол.
Қырғыз Республикасының өтпелі кезең президенті Роза Отынбаева Қасым-Жомарт Тоқаевты бірінші дәрежелі дипломат және саясаткер ретінде сипаттайды.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы – өте білікті маман, классикалық білім алған дипломат. Жоғары дипломатияның қыр-сырын меңгерген адам. Ол әлемдегі ең мықты дипломатиялық мектептердің бірінде жұмыс істеді. Кеңес Одағының Сыртқы істер министрлігінің кеңсесін, сол алпауыт державаны біледі, бүгінде Ресей Сыртқы істер министрлігін де біледі, өйткені Сергей Викторович Лавровтан бастап олардың бәрі әлі жұмыс істеп тұр. Бұл – оның артықшылығы. Ол осы саланы білетін, осы «мектепті» білетін, мемлекеттегі, әсіресе, мемлекеттің қалыптасуындағы дипломатияның маңызын «А» әрпінен бастап, «соңғы әрпіне» дейін білетін адам. Дипломатияның бастауында, Қазақстанның сыртқы саяси майданының қалыптасуында Қасым-Жомарт Кемелұлы сынды жоғары санатты, сапалы маманның тұрғаны Қазақстанның маңдайына біткен бақ болған сияқты. Өйткені Қазақстан аяғынан тұрып жатқанда, жаңа елдің іргетасы енді қаланып жатқан кезде бұл майданның маңызы зор еді. Менің ойымша, білім мен дағды жинап келген оның Қазақстанға келуі Тоқаевтың үлкен артықшылығы болды », - деп атап өтті Роза Отынбаева.
Америкалық тарихшы, экономист, халықаралық қатынастар және әскери стратегияжөніндегі маман Эдвард Люттвак Қасым-Жомарт Кемелұлына жоғары білімді, еңбекқор, әділ, саясаткер ретіндегі мансаб жолын өзі қалыптастырған саяси тұлға деп баға береді. «Президент Тоқаевты ұлы мәдениетті адамы ретінде құттықтайтындығыма қуаныштымын», - дейді америкалық тарихшы.
Ариэль Коэн, Америкалық саясаттанушы әрі журналист, қауіпсіздік саласындағы халықаралық қатынастар бойынша маман:
"Қазақстанды одан ары дамытуда түбегейлі пайымы бар, елге қажетті мемлекеттіктің барлық мұрасын жете түсінетін көшбасшы басқарып отыр"
Фредерик Старр, АҚШ-тағы Орталық Азия және кавказ институтының негізін қалаушы және төрағасы:
«Президент Тоқаев тиімді мемлекет жайында сөз қозғап, өзісін әділ әрі дұрыс атқарып жатыр. Өте тәжірибелі, тілді жетік біледі және шетелдегі адамдарды таниды. Ол ақылға қонымсыз жобаларға ұмтылмайды, ол стратегиялық ойшыл. Ол өзелінің мүддесін нық қорғайды. Ол Қазақстан егемендігін құрметтейді, бағалайды және қадір тұтады, оның ОРталық Азиядағы өте маңызды рөлін түсінеді. Мемлекет басшысының ұзақ жылдар бойы бақытты, табысты әрі өнімді ел басқаруына тілектеспін»