Референдумға салынып отырған Конституцияға «Қазақ халқы», «қазақ ұлты», «қазақ жері», «қазақ мемлекетті», деген сөздерді қайта кіргізу керек.
1993 жылғы Конституцияда бұл сөздер бар болатын. 1995 жылы Конституциядан халыққа айтпай жасырын түрде алып тастады. Референдум арқылы тез өткізіп жіберді. Оның орнына «казахстанский народ», «казахстанская земля», «казахстанское государство» деген тіркестіктер кіргізді.
Патриоттар, жұрт қарсы шықты, оған билік бізді алдап «қазақтардың саны республикада 50 пайыздан асқан соң өзгертеміз» деді.
Бүгінде 2022 жылы қазақтың саны 70 пайыз болды. Сондықтан Конституция реформасына міндетті түрде «Қазақ халқы, «қазақ ұлты», «қазақ жері», «қазақ мемлекетті» деген сөздерді қайта кіргізу керек.
Сонда ғана халық Конституция реформасын қолдайды. Болмаса, бұндай референдумды өткіздің керегі жоқ.
Дәстүрлі әнші-сазгер Зағипа Иманғазиеваның facebook парақшасынан