22.05.2022, 20:31

Алматы-Өскемен трассасын су шайып кетті

Екі учаскенің арасында 4 жүк көлігі қалған.

Алматы-Өскемен трассасын су шайып кетті. Осыған байланысты Ақсу және Сарқант ауданы жол бойына полиция бекеті қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы - Өскемен бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың 393 және 395 шақырымын су шайып кеткен.

Екі учаскенің арасында 4 жүк көлігі қалған. Қазіргі таңда жүргізушілермен байланыс орнатылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар аталмыш аймақта арнайы техникалар жұмыс жасап жатыр. 

Тегтер: Алматы