23.05.2022, 17:40

АҚШ Тайваньды Қытайдың шабуылынан қорғайды

Фото: ашық дереккөз
АҚШ президенті бұл елдің статус-квосын біржақты өзгертуге жол бермейтінін жеткізді.

Егер Қытай Тайваньға қарсы әскери шабуыл жасаса, АҚШ Тайбэйге өз территориясын қорғауға көмектеседі. Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ президенті бұл елдің статус-квосын біржақты өзгертуге жол бермейтінін жеткізді.

"Бұл – біз қабылдаған міндеттемелер. Біз Тайвань бұғазының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауды жалғастырамыз және оның статус-квосын біржақты түрде өзгертілмеуін қалаймыз", – деді Байден.

Кисида болса, Тайвань төңірегіндегі жағдайға байланысты Жапония қорғаныс қабілетін арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Ресми Токионың қорғаныс қуатын арттыруға қатысты жоспарын америкалық тарап қолдады.