$ 494.87  520.65  4.91

«Ақсақал, аға буын өкілдері қайтадан саясатқа «шабуыл» жасап, партия құруға тірлік жасап жатыр» - Ерлан Сайыров

Әлі бірде-біреуі "жастардың тағдыры алаңдатады", "жастарға саяси лифт жасаймыз" деп айтпады. Сол баяғы бітпес, көрінбейтін қарсыластармен күрес.

Саясатқа жастарды тарту қажет.

Жаңа саяси мәдениетті жастарды жаппай саясатқа тартудан бастау керек!
"Жас келсе, іске" деп бекер айтпаған.

Біздегі бүгінгі тенденция, еліміздегі кері процессті көрсетіп отыр.
Біздің ақсақал, аға буын өкілдері қайтадан саясатқа "шабуыл" жасап, партиялар құру үшін тірлік жасап жатыр.

Бұл дұрыс, бізге плюрализм қажет!
Демократия мен плюрализм үшін партиялардың көп болуы басты шарт!

Қадағалап отырмын, әлі бірде-біреуі "жастардың тағдыры алаңдатады", "жастарға саяси лифт жасаймыз" деп айтпады.
Сол баяғы бітпес, көрінбейтін қарсыластармен күрес.

Ал, "AMANAT" партиясының депутат корпусының 40- пайызына жуығы жастар. Олар қазірдің өзінде өңірлерде өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп, халықтың мұң - мүддесіне адал болу үшін еңбек етуде.

"Ұрпақтар сабақтастығы" принципі осы болса керек.
Барлығымыздың басты принципіміз әлеуеті жоғары, саяси мәдениеті кемелденген жастарды тәрбиелеу!

Мемлекетіміздің басты тірегі болашақ ұрпақ екендігін ұмытпауымыз керек!
Жастар біздің мемлекетіміздің басты тірегі және тәуелсіздіктің ең негізгі күші!

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровтың facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары