Бүгін Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық саласы бойынша меңгерушісі қоймадан жарылғыш затқа ұқсас құрылғы тауып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Меңгеруші дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, мектептегі адамдарды толықтай эвакуациялады.
«Табылған құрылғыны техник-мамандар зерттеп, қауіпсіздік мақсатында оны оқиға орнында жоюға шешім қабылдады. Осыған байланысты барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жарылыс жасалды», – деп көрсетті Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.