$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев Байденге көңіл айтты

Мен техастықтардың және Сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және Сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын", - делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары