$ 449.58  486.94  4.86

«Орыстан қатын алғандарға партия құруға рұқсат бермейтін заң керек» - журналист

Мұндай тыйым Балтық бойындағы елдердің біразында бар.

Осы деймін де, орыстан қатын алған адамдарға партия құруға рұқсат бермейтін заң керек-ау бізге. Тура осындай болмаса да, осыған ұқсас тыйым Балтық бойындағы елдердің біразында бар.

Украинадағы ресейшілдердің біразы кезінде сондай адамдар болып шыққан. Орыстан қатын алған қазақтың орыстың сөзін сөйлеп кететіні әуелден белгілі нәрсе. Әбден оң-солымызды танып, өз-өзімізге кеп алғанша осындай бір заң керек сияқты. Олжас Сүлейменов ол сөзді әйелінің ықпалымен айтты деп ойлаймын өзім.

«Жаман күйеу қайынсақ» дегендей, орыстан әйел алған Мұсабаев та сол, ОДКБ-ның әскерін кіргізу керек деп аттандап шыға келген «ұлттық батырымыз» Әубәкіров те сол, Ертісбаев та, Сүлейменов те соның ар жақ, бер жағы.

Орыспен ауыз жаласып алған бұлар қанша жерден патриотизм туралы тамылжытып, елжіретіп тұрып айтса да, елітіп кете алмайды екенсің ешқашан...

Журналист Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары