Саясат 26.05.2022 сағат 23:38

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылатын болды

17 мамырда ел президенті «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылатын болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Жарлығының мәтіні жарияланды.

Құжат нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесіне мыналар кірді:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиациялық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Президенттің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бір бөлігі қызмет бабында пайдаланылатыны үшін құпия болады.

Құжаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Еске салайық, 17 мамырда Президент "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" № 893 Жарлыққа қол қойды. Құжатта Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Президенттің 15 жарлығына түзетулер енгізіледі. ҰҚК жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылды және оңтайландырылды.

Абай.кз

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар