Ақмола облысының прокуратурасы прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша Қосшы қаласында сыртқы электрмен жабдықтау объектілерін салу кезінде 222 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Тапсырыс беруші ретінде Қосшы қаласының құрылыс Бөлімі атынан тұрғын үй массивтерінің қызмет көрсетуге арналған трансформаторлық қосалқы станцияларды орнатпай, 222,2 млн.теңге мөлшерінде негізсіз төлем жүргізумен осы жұмыстарды орындау туралы актілерге қол қойылғаны анықталды (2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыстар орындалған жоқ).
Арнайы прокурорлар басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде жымқыру) бойынша қылмыстық істі тергеуде.
Қазіргі уақытта тергеу органы соттың санкциясымен құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2-тармағы бойынша бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жаза 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін хабарлаймыз.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.