Ақтөбеде 36 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп жазады Экспресс К.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1986 жылғы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру жолымен жүкті болған. Ол 25 мамыр күні жүктіліктің 36-шы аптасында облыстық перенаталдық орталыққа жатқызылған.
Ал 27 мамыр күні кесарь тілігі жасалып, дүнеге үш ер бала келді. Есімдері – Қасым, Жомарт, Кемел.
Қазір сәбилердің денсаулығы қалыпты.