01.06.2022, 13:21

Президент «Алматы БалаFEST» балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды

Фото: akorda.kz
Ботаникалық бақта өтіп жатқан «Алматы БалаFEST» мерекелік балалар фестивалі Президент жариялаған «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды, деп хабарлады  Ақорда.

Ботаникалық бақта өтіп жатқан «Алматы БалаFEST» мерекелік балалар фестивалі Президент жариялаған «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды. Ботаникалық баққа бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы балалар жиналды. Қала мектептерінің, гимназиялардың, интернаттардың 5 пен 17 жас аралығындағы 300 мыңнан астам оқушысы қабілетін, шеберлігін және дарынын көрсете отырып, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға қатысқан.

Ботаникалық бақ аумағында бірнеше негізгі аймақ бар: – «ART SPACE» аймағы – «Кітаптар қазынасы» кітап көрмесі – «ECO LAB» экологиялық аймағы – «Шахмат әлемі» аймағы – «ROBO LAND» аймағы – «Жас өрендер» концерт алаңы Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өтетін «Алматы БалаFEST» балалар фестиваліне қатысатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.