03.06.2022, 20:09

Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады

Фото: ашық дереккөз
Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.

Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Антикорға сілтеме жасап. 

Антикор өкілдері іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұрады. 

call-центр 1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.

Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.