04.06.2022, 19:37

Президент армияда өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құруды тапсырды

Фото: ашық дереккөз
Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.

Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.