$ 449.58  486.94  4.86

Мәжіліс депутаттарының өзін-өзі тарату туралы бастама көтере бастағаны рас па?

Көптеген әріптестеріміз «Конституциялық өзгерістер енді, соған қарап жаңасын өткізейік» деп ұсыныс айтып жатыр.

Референдумнан кейін кейбір депутаттар парламентті таратып, қайта сайлау өткізу туралы бастама көтерген. Бұған қазіргі парламент қызметінің жаңа қабылдаған Конституцияға сәйкес келмеуі түрткі болып отыр. Атап айтқанда, парламенттің өкілеттілігі және депутаттардың саны өзгерді. Бұл түйткіл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пікір білдірді, деп жазады Nege.kz.

Депутат Мәжіліс сайлауы кез келген уақытта жариялануы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Бірақ Президенттің бүгінгі мандаты бойынша мерзімінің аяқталғанын күтуге де мүмкіндігі бар.

«Көптеген әріптестеріміз: «Конституциялық өзгерістер енді, соған қарап жаңасын өткізейік» деп ұсыныс айтып жатыр. Көп нәрсе саяси мәселеге байланысты. Кеше халық таңдауын жасады. Президентке мандат берілді. Конституциялық өзгерістер енуі тиіс. Содан кейін бірқатар конституциялық заңдарға өзгерістер енгізіледі. Екі-үш заң мүлде жаңадан жазылады. Сонымен қатар, сайлау туралы, партиялар туралы, коғамдық бірлестіктер туралы, жергілікті өзін-өзі басқару туралы, депутаттардың мәртебесі туралы заңдар өзгеруі керек», – дейді Айдос Сарым. 

Бірақ Айдос Сарым парламент сайлауын апыл-ғұпыл өткізуді қолдамайтынын айтты. Оның пікірінше, сайлау қазір өтсе, бұл тек «Аманат» партиясы үшін ғана олжа болғалы тұр.

«Жұрттың күтіп отырғаны – сайлауға жаңа партиялардың, жаңа көшбасшылардың келгені. Осы тұрғыдан алсақ, мәжіліс сайлауы биыл болмауы тиіс. Жаңа заңдар қаңтардан бастап күшіне енеді. Бәлкім, содан кейін Президенттің өзі бір ұйғарым жасайтын шығар», – дейді депутат.

Айдос Сарымның пікірінше, 35 адам жаңа партия құрғысы келетінін мәлімдеген. Олар жеңілдіктері бар, жаңа «Партиялар туралы заңды» күтіп отыр.

Референдумда қабылдаған Конституция мен парламент арасындағы қайшылық парламент сайлауы өткенше жойылмауы да мүмкін екен.

«Қазіргі конституциялық принцип алдағы сайлаудың ережесін анықтайды.  Теориялық жағынан, біз өз мерзіміміз біткенше жұмыс істеуіміз мүмкін. Бізден кейін сайланатын мәжіліс жаңа принциппен қызмет ететін болады. Сенатта, мәслихаттар да солай», – дейді Айдос Сарым.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мәжіліс