$ 494.87  520.65  4.91

Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Сондай-ақ, Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді. Осы аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ, Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Президент Есеп комитетін жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары