Саясат 08.06.2022 сағат 18:00

Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты іс қозғалғанын растады

Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.
Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты іс қозғалғанын растады
Фото: ҚазАқпарат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады. «Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл іс туралы ақпарат журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған болатын. «Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар