10.06.2022, 12:20

«Ауғанстанға бір қадам жақындау деген сөз ғой»: тағы бір қоғам белсендісі оқушылардың хиджаб киюіне қарсы шықты

Сенген Асхат Аймағамбетовым жауға қақпаны ашып бергендей күйде отырмын...

Қаңтардағы қырғынды дәл осы діни ағымдағылар жасағанын 1000% біле тұра, енді билік олардың одан сайын жайылып, құтыруына қолайлы жағдай жасап, мектеп оқушыларына орамал тартуға (хиджабқа) рұқсат берген бе?...

Парадокс...

Егер солар сол кезде билікті тартып алғанда, бүгінде ұлтшылдар да, басқалар да түрмеде отырар ма еді, кім білсін. Олар өте агрессивный ғой... сақалиттермен өмір бойы ашық қарсы келген біз сияқты  ұлтшылдар осы күні атылып та кеткен болар едік-ау...

"Осыдан билік қолымызға тисін, біз сендерді атамыз, асамыз, танкімен таптаймыз, қырамыз-жоямыз" деген Серікжан сияқты ашық айтқан бахабиттер аз емес...

Неге біз тек "крайностьты" - ең шеткі шешімдерді ғана білеміз? Неге "не орамал, не жалаңаштану" деп түсінеміз? "Алтын орта" деген түсінік неге жоқ?

Мектеп оқушыларына арнап бекітілген ортақ заң, біркелкі мектеп формасы деген жаман ба??? Алаланып-құлаланып, қырық сідікке бөлініп біткен жоқпыз ба? Мемлекет болашағына зиянды, қауіпті мәселеде "өз құқығы" деген түсінік жүрмеу керек. Өз құқығың - өз үйіңде. Ал қоғамдық, мемлекеттік орындарда - қоғамға зиянсыз, мемлекет болашағына зиянсыз, Тәуелсіздігімізге қауіп төндірмейтін ортақ құқық, ортақ ереже, ортақ заңдар орындалуы тиіс. Дін мәселесі жай ғана Құдай, Құран, намаз, орамал емес екенін қаңтар көрсеткен жоқ па?

Дін деген - жат пиғылдағы төңкерісшілердің басты идеологиялық қаруына айналған жоқ па???

Тәуелсіздігіңнен айырылып, мәсі мұрт, не қабасақалдардың бірі таққа отыра жаздаған жоқ па???

Егер сол кезде Тоқаев қолын бір сілтеп, қырғыз президенттері ұқсап шетелге қашып кеткенде не болар еді деп әлі күнге дейін ойлаймын... ойлаған сайын денем түршігеді... бізді бұл жолы Құдай сақтады... құрбандық та ауыр болды...

Кіп-кішкентай қызын мәжбүрлеп орап қоятын әкелердің өздерінде саналы түрде яки түпсанасында кішкентай қыз көрсе қоза беретін педофилиялық гармон басым болғаны ғой...

"Орамал - это цветочки..." боп жүрмесе болғаны... Ауғанстанға бір қадам жақындау деген сөз ғой... Қамалды аларда қатты тіреумен жабылып тұрған қақпаны соға-соға, босатып алмаушы ма еді? Сәл сөгіліп, босаған қақпаны ашып кіру де, бұзып кіру де оңай. Сенген Асхат Аймағамбетоовым жауға қақпаны ашып бергендей күйде отырмын... Министр дәл солай айтқан болса, факт, дәлел, видео жариялаңдар. Айтпаған болса, министрді жұлмалап, оны кетірудің жаңа кезеңі басталғаны...

Балаларды жайына қалдырыңдаршы! Олар тек білім қусын! Сақалдылар бір жақтан, лгбтлар екінші жақтан, реформашылар үшінші жақтан - байғұс балаларды ту талақай қып бітірдіңдер ғой түге!!! Сақалиттер жастарды (әншілерді, спортшыларды, ішкі өзегі жоқ жастарды, базардағы саудагерлерді т.с.с) жаулап болды, енді кәмелетке толмаған мектеп оқушыларына көшті. Олар бұл мақсатта көп жылдар бойы күресіп жүрген, ақыры мақсатына жеткен сияқты... арты жақсы болмайын деп тұр...

Балаларды жайына қалдырыңдар! Баланың бәрі бірдей! Олар ала-құла болып бөлінбеуі керек! Мектепке біркелкі форма ережесі, мектептің өз тәртібі болу керек!!!

Бір жерлеріне қарамай, "Еуропада, Америкада, Түркияда" деп соғатындарға күлкім де келеді, жылағым да келеді... Күлкі және көз жасы.... Ау, айналайындар-ау, басқа барлық жағың Еуропа, Түркия, Америкамен теңесіп, енді тек мектептегі қыздарға орамал тартқызуларың ғана қалып тұр ма еді??? Алдымен Еуропадай, Америка, Түркиядай саныңды көбейтіп, санаңды өсіріп, сапаңды арттырып, ғылым-біліміңді дамытып, солардай өркениетке жетіп алсайшы! Өркениеттенген деңгейіңді тек мектеп оқушыларының орамалы байлап тұр ма??? Өтірік "Еуропадағыдай өркениет, демократия" деп, жартыбастардың жартысы халықты Ауғанстан, Сирияға сүйреп жүр, жартысы лгбт деп шауып жүр... өзің осындай байтақ жерде небәрі10 млн ғанасың!!!! Ойлансаңдаршы, ҚАЗАҚТАР!!!!!

Жалпы, біздің қауашағымыздың ішіндегі зат ми емес-ау...

Журналист Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан