$ 498.34  519.72  4.85

Түркістандағы кесене маңында алапат өрт болды (ВИДЕО)

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт "Керуен-сарайда" емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында болған.

Түркістанда кесене маңында алапат өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазнетте жанып жатқан мейрамхананың видеосы тарады. Желі қолданушылары өрт "Керуен-сарай" аумағында басталғанын жазып жатыр. Бірақ Түркістан облысының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт "Керуен-сарайда" емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында болған.

"16 маусымда сағат 11.48-де Түркістанда "Әзірет-Сұлтан" қорық мұражайының қорғалатын аумағынан тыс орналасқан екі қабатты "Жеті тандыр" кафесінің 2-қабатынан өрт шықты. Өрт басталғаннан алты минут өткен соң ТЖД-ның алғашқы қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, кафенің "Керуен сарай" ойын-сауық кешеніне қатысы жоқ", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары