16.06.2022, 15:40

«Халық зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатыр» - Мәжіліс депутаты

Оның сөзінше, қазақстандықтар 63-65 жаста зейнетке шығатындай ондай ұзақ өмір сүрмейді.

Парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова ел тұрғындарының зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатқанын айттып дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Біздің партия әу баста зейнетке шығу жасының көтерілуіне қарсы болған. Бұл реформа ұсынылғанда Еңбек және әлеуметтік қолдау министрлігі бұл жас дамыған батыс елдерінде белгіленген деген ұстаным айтты. Алайда біз өзімізді олармен өмір сүру деңгейі бойынша салыстыра алмаймыз. Жайлылық бойынша. Бізде су жоқ, көптеген елді мекендерде, баспана жоқ, әлеуметтік сақтандыру жоқ”, – дейді Смирнова Қазақстан халық партиясы “Халық сарапшысы” талқылау жобасы аясында өткен кездесу барысында.

Оның сөзінше, қазақстандықтар 63-65 жаста зейнетке шығатындай ондай ұзақ өмір сүрмейді.

“Біз бұл жасқа жетпей бақилық боп кетіп жатырмыз. Сондықтан біз зейнет жасын төмендету керек деген позицияны ұстанып отырмыз. Зейнетке шығу жасы төмендеуі керек. Еліміздің халқының 52 пайызы – әйелдер. Жас, кәрі, орта жастағы. 55-58 жастан кейін жұмыс істей де алмай қаласың. Адамдар шаршаған, жұмыс та табылмайды. Сондықтан бұл бастама дұрыс. Мемлекет 63 жастан ерте зейнетке шыққысы келетіндерге рұқсатын беру керек”, – дейді ол.

 

Тегтер: зейнет жасы