$ 474.72  515.17  5.58

Тоқаев Республика күнін қайта атап өтуді ұсынды

Ол Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екеніне баса айтты.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек, - деді   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында.

Ол Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екеніне тоқталды.

«1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды.

Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары