$ 445.66  474.58  4.78

Алматы облысының тұрғыны мүгедек зейнеткерді зорлап кеткен

63 жастағы мүгедек әжей түн ортасында есікті біреу қаққаннан оянған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Зейнеткерді зорлады деген күдікпен Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

63 жастағы мүгедек әжей түн ортасында есікті біреу қаққаннан оянған. Босағада белгісіз ер адам тұрған. Ол әжейден кіруге рұқсат сұраған. Әжей оны үйге кіргізбей қойған. Ер адам кетіп қалып, араға біраз уақыт салып, қайта оралып, үйдің терезесін шаққан.

Ер адам үй иесін бірнеше рет зорлап, кейін ұйықтап қалған. Осы кезде зардап шегуші көршілері мен полицияны көмекке шақырған. Бірақ зорлаушы олар келгенше қашып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Зорлау» бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары