$ 448.89  477.93  4.76

«Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмады» – Годунова

Былтырғы күзден бастап Үкімет 10 ұлттық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Алайда ол жүзеге аспады.

Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова  Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

"Былтырғы күзден бастап Үкімет 10 ұлттық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оларға бюджеттік қаржыландыруда басымдық беріледі деген. Алайда ол жүзеге аспады. Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмады. Маңызды шешімдерді қаржыландыру толық көлемде жүзеге асырылуы керек. Сондықтан Ұлттық жобаларды нақты қаржылық мүмкіндіктерге қарай реттеу керек. Үкімет бұл жұмысты жетілдіріп жатыр", - деді ол. 

Годунова атағандай, Ұлттық жобалар қысқа мерзімде жүзеге асырылуы керек. Оның нәтижесі халық пен бизнеске жылдам жетуі керек.

"Типтік шешімдерден бөлек, мақсатты түрде елдің аймағын зондтап, әкімшілік және әлеуметтік нысандарды құрылыстың шаршы метрінің лимитін орнатқан жөн. Бұл сол ақшаға барынша көп ғимарат салуға мүмкіндік береді", - деді Годунова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұлттық жоба