$ 494.87  520.65  4.91

Жазасын өтеуші сүйіктісімен заңды некесін темір торда қиды

Түзеу мекемелерiнде сотталғандардың некесiн қиюдағы басты мақсат та осы – оларға жанұя алдында жауапкершiлiктi сезiндiрiп, отбасы арқылы сотталғанды тәрбиелеу процесiне ықпал етеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесiнде жазасын өтеуші сотталған 3 жыл бұрын бостандықта танысқан сүйіктісімен заңды некесін қиды, деп хабарлады turkystan.kz.

Некесін қию кезiнде сотталған сүйіктісімен 3 жыл бұрын танысқанын және бостандыққа шыққаннан кейiн отбасына оралып, қамқор болып, бала сүюді армандайтынын жеткізді.

«Түзеу мекемелерiнде ең жақын адамдармен кездесуге рұқсат берiледi. Сондықтан темiр тордың ар жағында отырсам да, алдағы күндерi мекеме заңдылығына сай, некелі жарыммен кездесуге мүмкiндiк алғым келді. Сонымен қатар жаза мерзiмiмдi өтеу кезiнде бостандықта менi жақсы көрiп, күтетiн некелі жарымның барын іштей бiлiп, оған ертерек оралуға тырысамын», – деді сотталған.

Өз кезегінде күйеуі де жарын жаза мерзімінің аяқталғанына дейiн күтiп, жұбайылық қолдау көрсететiнiн айтты.

Жалпы, мекеме тарихында тағдырын сүйіктісімен байланыстырып, түзелу жолына берiк түсiп, сайып келгенде мерзiмiнен бұрын босатылған сотталғандар көп кездеседі. Оның себебі де түсiнiктi: некеге тұру – сотталғандарға оң әсер етеді, яғни қоғамда өзiнiң орнын табуға және отбасына қамқор болуы үшiн мерзiмiнен бұрын босауына ынталандырады. Түзеу мекемелерiнде сотталғандардың некесiн қиюдағы басты мақсат та осы – оларға жанұя алдында жауапкершiлiктi сезiндiрiп, отбасы арқылы сотталғанды тәрбиелеу процесiне ықпал етеді.

«Неке – бұл ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін маңызды сәт. Әрине, біздің қызметкерлер асықпауға кеңес бередi және бәрiн мұқият ойластырады, бiрақ ерлi зайыптылардың қарым-қатынасты заңдастыруға деген ұмтылысы жоғалмаса, біз құжаттарды реттейміз», – деді ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Нұрғали Ажиханұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#түрме #неке