Алматыда Экономикалық тергеу департаментіне Karuan ЖШС рейдерлік жолмен басып алынғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға ҚМА 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Нұрша Кәкеновтен Karuan ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы хабарлама түскенін хабарлайды. Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.