$ 444.22  476.38  4.82

«Никита Михайлис - 401, Линдей Вей 481 миллион теңге»: «Барыс» хоккей клубы ойыншыларының жалақылары жұрттың наразылығын тудырып жатыр

Бұл команданы «Самұрық Қазына» қаржыландырады. Айына 40 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма?

Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралап тұрғанда «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен «ерекше» келісім-шарт жасасып жатыр. Бұл команданы «Самұрық Қазына» қаржыландырады. Қор Үкіметке қарасты. Яғни, ондағы қаржының сұрауы болуы керек!

Мәселе мынада. «Барыс» Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 миллион теңге төлейміз деп шешім қабылдапты. Өткен аптада әріптестер бұл мәселені көтерді. «Барыс» та, «Самұрық Қазына» да үнсіз. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, қазіргі (рубль – теңге ) курсымен 481 миллион теңге жалақы төлемекші.

Айналайындар-ау, айына 40 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма?

Кәсіби клубтарды қаржыландыруды тоқтату керек! Одан да ол ақша бұқаралық спортты дамытуға жұмсалсын.

Журналист Мақсат Толықбайдың facebook парақшасынан    

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары