24.06.2022, 17:40

Тоқаев Қырғызстанның экс-президенті Ақаевты жұбайымен қабылдады

Фото: ашық дереккөзден
Тараптар ғылым, білім, цифрлық экономика және адам ресурстарын дамыту тенденциялары мәселелерін талқылады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Акаеваны қабылдады, деп хабарлады 24KG.

    «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Акаеваны қабылдады. Тараптар ғылым, білім, цифрлық экономика және адам ресурстарын дамыту тенденциялары мәселелерін, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелері мен әлемде болып жатқан оқиғаларды талқылады», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

     Ақаевтың 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ежелгі дәуірдегі демографиялық динамика және адамзат болашағы» тақырыбында дәріс оқығаны атап өтілген.