Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары – Алатау ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің сауалхатына жауап берген бас прокуратураның дерегіне сәйкес, Мәнізоровқа алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған.
«Алматы қаласы ПД (полиция департаменті – ҚазТАГ) іс жүргізуінде 2022 жылдың 13 мамырынан бастап азамат М.А. – ның арызы бойынша Мәнізоровқа қатысты ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша тіркелген қылмыстық іс жатыр» делінген хабарламада.
Дереккөз: orda.kz