30.06.2022, 17:40

«Біз Назарбаев үшін кімді болса да құртуға даярмыз»: белгілі журналист Дикий Арманға қатысты шындықтың бетін ашты

Бұзақылар сыртта да қозғалыс белсенілерінің жағасына жармасып, кейбіреуін сүйрелеп жүріп сабады.

Осы әлемжеліде Арман Джумагелдиевті сынағаным үшін ол маған құқай көрсете: «Нұрлыбай Қошаманұлы түрмеге түсіп, сонда өзің шірі, жексұрын!» деп жауап қайтарыпты.

Арман кім? Өткенге үңілейік.

Әлі есімізде, 2005 жылдың 2 мамырында Шымкентте «Әділетті Қазақстан» қозғалысының облыстық конференциясына қатысушыларға тағы да шабуыл ұйымдастырылып, біріккен оппозиция өкілдерінің өміріне қастандық жасалынды. Олардің ішінде Ж.Тұяқбай, А.Сәрсенбаев, Б.Әбілев т.б болды. Қозғалыстың облыстық конференциясы алдын ала жалдаған «Турист» мейманханасының екінші қабатындағы мәжілісханасында өтуі тиіс болатын. Бірақ, жиналыс басталмастан бұрын Арман Джумагелдиев бастаған ондаған басбұзарлар балағат сөздермен ұрандатып, ғимаратқа баса-көктеп кіріп келді. Қозғалыс күзетіндегі азаматтарды күшпен ысырған олар, қонақ үйдің екінші қабатына қарай лап қойяды. Қалайда іштегілерге үрей туғызу мақсатымен қонақ үй холының терезе-әйнектерін быт-шытын шығарып сындырып, қолдарындағы мегафонмен айқайлап, боқтық сөздермен жиналғандарды балағаттай бастайды. Кірген бойда елірген топ партия жетекшілері отырған столға қарай ұмтылады. Көзді ашып жұмғанша залдың астан кестенін шығарады.

Уақыт өткен сайын есірген бұзақылар залда отырған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, басқа да әйел адамдарды жазым етуі мүмкіндігін ескерген партия жетекшілері қасындағы бірнеше адаммен іргедеі жапсарлас бөлмеге қарай өтеді. Сол кезде осы Арманның бұзақылары (20 шақты жігіт) олардың соңынан ұмтылып, «Қане сендердің ортақ кандидатың. Біз Назарбаев үшін кімді болса да құртуға барамыз. Төңкеріс керек болса қазір оны да жасаймыз!» деп айқайлайды. Енді біразы тұра қалып «Менің Қазақстанымды» шырқай бастайды. Жалған патриотизмнің жабайы көрінісі мұншалықты жиіркенішті болар ма еді!

Жағдай ушыға бастайды. Өмірлеріне қауіп төнгенін сезінген қозғалыстың белсенділері жан дәрмен өздері соққы алып жатса да сотқарлардың жолын бөгеп, оларды екінші қабаттан түсіріп, көшеге қашып шығуларына жағдай жасайды. Жармаханды күзеткен бір адам тепкіге түсіп басынан жарақаттанып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қастандық жасаушылар іштегі адамдарды сабап, әйнектерді сындырып жатқанда мейманхананы қоршап тұрған полиция жасақтары мен офицерлері бұзақыларды тоқтатуға әрекет те жасамады. Кейін осының бәрін Арман Джумагелдиевтың ұйымдастырғаны анықталды. Тіптен, оппозиция жетекшілерінің екінші қабаттан жан дәрмен сытылып шыққанын көрген полиция олардың жолын бөгеп, кетіп қалуына кедергі жасап бақты. Полицияның өзі осылай ыңғай беріп тұрғасын сыртқа қуа шыққан бұзақылар партия белсенділері мінген көлікке тас лақтырып, оның әйнегін сынырады. Тас әйнекті сынырып өтіп, Ж.Тұяқбайдың басына тиеді.

Улап-шулап жүрген бұзақылар сыртта да қозғалыс белсенілерінің жағасына жармасып, кейбіреуін сүйрелеп жүріп сабады. Осының барлығын көріп тұрып полиция тоқтатуға араласпады. Қарақшылық шабуыл кезінде Арман басқарған бұзақылар тобырының арасында облыстық ішкі саясат бөлімінің адамдары мен жергілікті спорт департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, ҰҚК-нің бастығы Қ.Сатыбалдиев те болған. Бұл оқиғалар қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сайлау заңдылықтарын сақтайды, азаматтарын қорғайды деген биліктің керісінше, өз халқын жазалауда қылмыс әлемімен тығыз байланыс орнатқанын көрсетті. «Абайдың басын жарған қазақ билігі бүкіл әлем алдында масқара болып, өз қарсыластарының басын нысанаға алу «кәсібін» тағы қайталады. Әлбетте бұл ақылдылық та емес, саяси амал да емес, бұл сотқарлық еді. Бүгінгі биліктің аузында «демократия», ұраны – «өркениетке ұмтылу» болғанымен, іс-әрекетінде қараулық, ал, қолында – жабайы адамдар дәуірінен қалған тас!... болды» - деп жазды ақпарат құралдары бұл оқиға туралы...

Шымкенттегі бұзақылыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды, бірақ ол қандай да бір себептермен сотқа жете алмады. Ал Арман қашып кетті. Содан кейін, 2005 жылы А.Джумагелдиевке Шымкент қалалық сотында шартты мерзім үкімі шығарылды. Осылай Арман Джумагелдиев оппозиция өкілдеріне тас пен жұмыртқа лақтырып, қылмыстық топтармен бірігіп сойқан салды. Тарих мұны ұмытқан жоқ.

Айтарымыз, сол тұста қашып кеткені және 2005 жылғы Шымкенттегі «Турист» қонақ үйіндегі бұзақылығы бойынша Арманның Джумагелдиевтың үстінен қайтара қылмыстық іс көтеруге әбден болады. Мұндай бап ҚР Заңында қаралған. Мұны құзырлы құқық органдары назарға алады және іске тіркейді деп үміттенеміз.

  Қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлының facebook парақшасынан

 

Тегтер: Дикий Арман