Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ОКҚ брифингінде өзінің отставкасы туралы айтты.
Әйтенов отставка туралы ақпараттың әлі өзіне жетпегенін хабарлады.
«Мұндай шешімді мемлекет басшысы қабылдайды. Қалай шешеді, солай болады, мен қызметтен жақын арада кететінім туралы қауесет естімедім», – деді ол.
Сонымен қатар, мегаполис әкімі ЛРТ құрылысы туралы да жаңалықпен бөлісті.
«Шымкентте LRT және BRT сызбалары дайындалып жатыр. Сарапшылар миллионнан астам халқы бар қалаларда балама көлік болуы керек деп санайды», – дейді Әйтенов.
Дереккөз: orda.kz