01.07.2022, 15:40

Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» басшысы қызметінен кетеді

2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарланған.

Мәжит Шәріпов 4 шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» басшысы қызметінен кетеді. Бұл туралы компания сайтында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов компанияның басқарма төрағасы - директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов басқарма төрағасының міндетін атқарады.