$ 444.22  476.38  4.82

СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз.

Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. СІМ өз мәлімдемесінде Қазақстан болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдағаны айтылған. 

"Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес.

Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.

Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз.

Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз.

Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем", - делінген мәлімдемеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары