Долбандықтың түр-түрі болады ғой. Кеше Елена қыз келді. Елорда әуежайынан оны біраз адам күтіп алды. Кәдімгідей жұрт болып ана жерде чемпионға құрмет көрсетіп жатыр. Өкініштісі, бер жағында шаш ал десе, бас алатындар жүр. Бүкіл жерде сондайлар болады. Лена шықта да, тағасыздана күтіп тұрған балаларға қолтаңба бергісі келіп еді. Жаңағы нелер жұлмалап алып кетті. Суретке де түсірмеді. Сұхбат та бергізбеді. Ең бастысы – Ералы Тоғжановтың бетінен сүйдірді, гүлін алғызды. Ары қарай сып етіп, жоқ болып кетті.
Енді сұрақ: не үшін массовканы жинадыңыз? Түнгі 11 мен 12-нің арасында уақытын бөліп, кәдімгідей күтіп тұрған адамдар, оның ішінде бүлдіршіндерге неге ответка құрмет болмайды? Осындай долбайзимды қашан қоямыз? Елена Президент емес, Пайғамбар емес. Оны неге сонша халықтан қорғап жүрсіздер?
Вообщым бүйтейік, келесіде чемпиондар келгенде сразу ескертіңіз. Халықтың уақытын, көңілін және жүйкесін бостан-босқа алмаңыздар, түсірмеңіздер, жұқартпаңыздар. Сол 4-5 шенеунік күтіп алсын. Мүмкіндік болса, сол 4-5 шенеунік сосын атақты спортшылар бөлек қала салып алып, халықтан алыс жерде өмір сүрсін!
Журналист Аслан Каженовтің facebook парақшасынан