12.07.2022, 22:12

«Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспортына еш шектеу жоқ» – Әлихан Смайылов

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

Ресейдегі геосаяси оқиға салдарынан сауда-саттыққа байланысты логистикалық мәселелер туындады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бір мысал – КҚК мұнай құбыры бойынша Новоросийсктегі аудандық сот 5 шілде күні КҚК жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілде күні біз ресейлік әріптесіміз – үкімет төрағасымен байланысып, сол күні мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу қойылған жоқ. Сондай мәселелер күнделікті туындайды, біз бұл мәселелерді шешу үшін көршілес елдердің үкімет басшыларымен тығыз байланыстамыз, күнделікті проблемаларды жедел түрде шешуге шара қабылдаудамыз. Бұл – жедел шаралар», - деді Әлихан Смайылов Ұлттық арнада «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында.

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды.

11 шілдеде Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырды.