$ 443.85  474.3  4.8

«Күдіктілердің арасында шенеуніктердің балалары бар»: Шымкентте тергеу кезінде қайтыс болған жігітке қатысты сот басталды

Өлтірген балалар қазір ұсталмай, бостандықта жүргендердің арасында антикор бастығының баласы, генералдың баласы бар.

Шымкентте полиция департаментінің ғимаратында қайтыс болған Нұрболат Жұмабаевтың ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлады otyrar.kz.

Күдіктіні өлтірді деген күдікке 4 полиция қызметкері ілінген. Дегенмен, марқұмның ата-анасы бұл іске кінәлілер одан да көп дейді.

Шымкенттегі тергеу кезінде қайтыс болған марқұм Нұрболат Жұмабаевтың анасы сот отырысы басталғаннан-ақ, жанайқайын жасыра алмады. Ол полиция департаментінің ғимаратына аман кіріп, мәйіті шыққан ұлына қатысты іске Қостанайдан осымен екінші рет келіп отыр. Алайда, сот бұл жолы да кейінге шегерілді.

Ерғара Жұмабаев, марқұм Нұрболат Жұмабаевтың әкесі: «Әділетті басталып тұрған жоқ қой бұл. Адвокатты сылтау қылып. Біз  екінші рет келіп тұрмыз 2 мың шақырым жерден. Міне, 2-рет тағы кейінге қалдырып жатыр. 5-6 дан адвокаты бар. 2 адвокаты жоқ деп сотты кейінге қалдырып жатыр. Әділетті шешіледі деп ойлап отырған жоқпыз. Жоғары сотқа береміз. Болмаса әлемдік сотқа береміз».

Ажаргүл лмағамбетова, марқұм Нұрболат Жұмабаевтың анасы: «Осы 7 ай болды баламның өлгеніне. 7 айда бір рет заң орнының адамдары кешірім сұрап,  өлген күні звондаған жоқ. Өлтірген балалар қазір ұсталмай тегін бостандықта жүрген жаңағы антикор бастығының баласы, генералдың баласы, генералдың ең бірінші өзі».

Нұрболат Жұмабаев досы Сергей Петровпен бірге өткен жылдың желтоқсан айында көлік ұрлады деген күдікке ілініп Шымкенттің полиция департаментіне жеткізілген еді. Алайда, тергеуге өз аяғымен барған 30 жастағы жігіттің ғимараттан өлі денесі шықты. Марқұмның адвокаты бұл іске сол кездегі Шымкенттің бас полицейінің де тікелей қатысы бар деп отыр.

Талғат Есімов, марқұм Нұрболат Жұмабаевтың әкесі: «Департаменттің бірінші басшысы Ералы Жұмаханбетов кінәлі болу керек деп есептейміз. Өйткені солардың бұйрығын орындаған бұлар. Және ең үлкен заңбұзушылық: қылмыстық іс қозғалмай бұларды ұстаған ғой. Заң бойынша тек қана қылмыстық іс қозғап, ұстау керек адамдарды».

Бүгінгі таңда билігі мен лауазымын асыра пайдаланып, адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкеп соғу бабымен полицияның бұрынғы 4 қызметкері күдікке ілінген. Олар: Криминалды полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарлары Уәлихан Жәнібеков пен Дәулет Аймешов, аудандық полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Дінмұхамед Исаев және жедел уәкіл Өткіров. Дегенмен сот отырысына аталған күдіктілердің адвокаты түгел келмеген соң, сот 18 шілдеге қалдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары