$ 494.87  520.65  4.91

«Жарты жылда ІЖӨ 3,14%-ды құрады» - Үкімет басшысы

Сондай-ақ Премьер-министр бірқатар салалардағы өсімге тоқталды.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

"Әлемдегі геосаяси шиеленіс халықаралық өндірістік, көліктік және логистикалық тізбектердегі алшақты күшейтуде. Энергия ресурстарының Көптеген елдерде инфляция рекордтық деңгейде. Мысалы, АҚШ-та және Еуроодақта бұл шамамен 9%-ды құрады. Халықаралық валюта қорының 2022 жылы әлемдік ішкі жалпы өнімнің өсуі бойынша болжамы 3,6%-ға дейін төмендетіліп, қайта қаралды. Қолайсыз сыртқы экономикалық толқуларға қарамастан, біз елдің басты экономикалық көрсеткіштерін игеріп отырмыз. Биыл қаңтар-маусымында ІЖӨ-нің өсуі 3,14%-ды құрады", - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ Премьер-министр бірқатар салалардағы өсімге тоқталды.

Тауар өндірісі 4,1%-ға, қызмет көрсету саласы 2,1%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, сауда мен көлік салаларында өсімнің жоғары қарқындары орындалды, - деді Әлихан Смайылов. 

Еске сала кетейік, елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында алты айдың әлеуметтік-қорытындысы жасалуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары