$ 494.87  520.65  4.91

«Үкімет Президент тапсырмасын орындауы тиіс» – саясаттанушы

Осы жол мәселесін қозғап, үкіметке нақты тапсырма бергені дұрыс болды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президент тапсырмаларына саясаттанушылар пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz

"Президент ел толғандырған барлық мәселені қозғап шықты. Инфляцияның,  бағаның өсуі,  экономикадағы, қаржы секторындағы мәселелердің бәрін қозғап, тиісті министрліктерге тапсырма берді. Алдағы уақытта, үкімет геосаяси күрделі кезеңде тиісті шешімдер қабылдап, бағаның қымбаттау мәселесін шешуі керек деп ойлаймын. Себебі бұл қазіргі кездегі өзекті проблемалардың бірі. Үш министрге президент сөгіс жариялады. Үкімет алдағы бір-екі айдың көлемінде Президент айтқан мәселелердің шешімін табады деп ойлаймын", – деді  Бауыржан Серікбаев. 

Саясаттанушының айтуынша, елімізде қордаланған мәселе баршылық. Президент атаған мәселелердің барлығы өзекті екенін айтты. 

"Ауыл аймақтарда, ірі қалаларда жол сапасы сын көтермейтіні белгілі. Осы жол мәселесін қозғап, үкіметке нақты тапсырма бергені дұрыс болды. Енді жауаптылар берілген тапсырманы үтір-нүктесіне дейін орындайды деп сенеміз. Үкімет президент тапсырмасын орындауға кірісуі керек", – деді саясаттаушы Бауыржан Серікбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары