16.07.2022, 14:20

Путин «Роскосмос» басшысын қызметінен босатты

Фото: ашықдереккөзден
«Роскосмос» «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланады.

Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Рогозинді "Роскосмос" басшысы қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рогозин 2018 жылдың мамырынан бері "Роскосмостың" бас директоры қызметін атқарған.

Юрий Борисов "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының жаңа бас директоры болып тағайындалды.

​​​​

65 жастағы Юрий Борисов Ресей премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылған болатын. Ол бұл қызметте 2018 жылдың мамырынан бері қызмет еткен. Ресей Федерациясының Батыры атағы бар.

"Роскосмос" - ғарыш саласын басқаратын ресейлік корпорация. "Роскосмос" "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланады.