$ 445.66  474.58  4.78

Жоғарғы сот Матаевтарды толық ақтады

Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды.

ҚР Жоғарғы соты қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады.

Жоғарғы Сот Астана қаласы сотының Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімінің күшін жойды. Судья өз үкімін оқи отырып, Матаевтардың ақталғанын, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.

Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев дүние-мүлкін кәмпескелеумен және өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен қоса 6 жылға, Әсет Матаев жеке дүние-мүлкін кәмпескелеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

– Сейітқазы Матаевқа дүние-мүлкін кәмпеспелеумен, мемлекеттік және комерциялық ұйымдарда, ұйымдастырушылық-бөлушілік және материалдық жауапкершілік лауазымдармен байланысты қызмет түрлерін атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтесін. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы шегеріліп, сот залында қамауға алынсын, – деген үкім кесті судья Құрмантаев.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары