$ 494.87  520.65  4.91

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 6 айдан бері қамауда отыр.

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Дәулет Ерғожиндікі 13 тамызға дейін ұзартылды.

Осылайша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 6 айдан бері қамауда отыр. Соңғы рет оның қамауға алу мерзімі 6 маусымда ұзартылған.

ҰҚК тергеу-жедел тобы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты мынадай баптар бойынша қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтты.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі – Мемлекетке опасыздық жасау – қарулы қақтығыс кезінде жау жағына өту, тыңшылық.
    ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-бөлігі – Билікті басып алуға немесе ұстап қалуға үгіт-насихат немесе жария түрде шақыру.
    ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру.
    ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы – Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
    ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі – Аса ірі мөлшерде пара алу.

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі комиссия бір күн бұрын Қазақстанға заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуының жай-жапсарымен бөлісті. Кәрім Мәсімовтің пара ретінде алып, алып кеткен 3 млн доллары Қазақстанға қайтарылды.

Ал 14 шілдеде Ресейге қашпақ болған кезде оның немере ағасы, Павлодар облыстық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары