$ 494.87  520.65  4.91

«Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр» - Салиқалы ұрпақ қорының директоры

2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жүр.

"Салиқалы ұрпақ" қорының директоры Қасым Қасабеков Болат Назарбаевтың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда екенін және 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берді Қасабеков Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына.

Бұған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөзге сілтеме жасалған мәліметте дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын ауыр, тіпті өте ауыр деп бағалағаны айтылған.

"Салиқалы ұрпақ" сайтында Болат Назарбаев қордың негізін қалаушы ретінде көрсетілген.

Болат Назарбаев наурызда 69 жасқа толды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары