$ 448.56  478.03  4.79

Президент Сауд Арабиясы Королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

"Алтын Қыран" ордені - еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Алтын Қыран" орденімен марапаттады", - делінген хабарламада. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары