$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевтың Саудия сапары: Қазақстан Ресейді ығыстырып шықты

Сарапшы Мақсат Халық Араб елдерінен инвестиция тарту мүмкіндігі болса, барынша қолданған дұрыс деп есептейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сарапшы Мақсат Халық Араб елдерінен инвестиция тарту мүмкіндігі болса, барынша қолданған дұрыс деп есептейді. 

Оның сөзінше, оларда инвестициялық мүмкіндік өте жоғары. Ұлттық қор жағынан Араб елдері Норвегия елінен кейінгі орынды алады деуге негіз бар. 

"Ең маңыздысы, бізге үлгі болатын жері – мұнайлы ел мұнайдан басқа да секторды, даму мүмкіндігі бар салаларды қалыптастырып отыр. Олардың қызмет көрсету саласын, сервистік экономиканы құру жағынан тәжірибесі жоғары. 

Сондықтан Қазақстанның ішінде, әсіресе, қызмет көрсету саласы бойынша, Жасыл экономиканы дамыту бойынша, Исламдық қаржыландыру бойынша инвестиция тартатын болсақ, ол біздің экономикамыздың өсуіне септігін тигізеді. Қазақстанның өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Инвестиция тарту кезінде ең үлкен мән берілетін дүние – елдің несиелік және инвестициялық рейтингісі. Ол рейтингті Standard and poor's, Fitch ratings, Moody's сияқты әлемдегі ірі агенттіктер жасайды.

Бұрын Ресейдің инвестициялық рейтингісі бізден қарағанда жоғары болатын. Соңғы жағдайлар бойынша Ресейге санкциялар салынғаннан кейін, Ресейдің рейтингісі қатты түсіп кетті. 

Қазіргі кезде өңірде, Орта Азияда Қазақстан инвестициялық рейтингте көш бастап тұр деуге болады. Көптеген мемлекеттерді қызықтырып отыр. Ресейде жабылған зауыт-фабрикалар Қазақстанға қарай көшіп жатыр. Көбісі Америкалық, Еуропалық компаниялар. 

Сондықтан Қазақстан қазіргі жағдайда қызығушылық рейтингінде жоғарылап отыр. Біз осы мүмкіндікті пайдалануымыз керек деп ойлаймын.

Украинадағы соғыс жағдайы, соның ішінде Ресейдің астықты шығаруға шектеу қоюы белгілі бір дәрежеде әлем елдерінің қызығушылығын Қазақстанға аударып отыр.

Біздің егіс алқабымыз әлем бойынша 7-ші орында. Яғни, Қазақстан астық та жеткізе алатын, азық-түлік қауіпсіздігін бере алатын елдер қатарына кіреді. Сондықтан, осы мүмкіндікті жібермей, өзімізге ыңғайлы инвестиция тарту мақсатында пайдаланғанымыз жөн деп ойламын, деп жазады ол.

Дереккөз: Abai.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары