$ 494.87  520.65  4.91

«Біздің билікте бір-бірін аңду мен өсек қуу үлкен саясат» - саясаттанушы

Саясаттанушы бұл ең әуелі кеңестік жүйенің ықпалында болғанымыздың кесірінен дейді.

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадамның пікірінше қазір ел билігін ұстаған шенді-шекпенділердің көбі саяси білімсіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол бұл туралы " ... Сұрауы бар" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше билікте тереңінен ойлайтын саясаткерлер жоқтың қасы.

"Тек бір-бірін аңдып, интрига, өсек қуып соны үлкен саясат деп ойлайды. Біздің үлкен кемшілігіміз — осы уақытқа дейін саяси элита қалыптастыра алмағанымыз. Қазіргі шенеуніктерді элита дейді, қандай элита ол? Не білімі жоқ, не саяси тәжірибесі жоқ, мәдениеттен мүлдем бейхабар", — дейді Сейдахмет Құттықадам.

Саясаттанушы бұл ең әуелі кеңестік жүйенің ықпалында болғанымыздың кесірінен дейді.

"Ел егемендік алған кезде саясаттан хабарымыз болған жоқ. Айталық патшалық заманда бізді үлкен саясатқа жолатпады, өздері биледі. Кеңес кезінде мүлдем жолатпады. Айталық славян елдері БҰҰ-ға кірді. Ресей, Украина, Беларусьтің ұйымда мүшелігі болды. Олар үлкен саясатқа сол кезде араласқан", — дейді Сейдахмет Құттықадам.

Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді елде саяси элитаны жаңадан қалыптастыру керек деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары